loader image

Алматы музейінің қоры ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі, «Бай-қуатты болайық!» деген нұр-тілеуімен қалың қазақтың жүрегінде өшпес із қалдырған Нұртілеу Иманғалиұлының жеке заттарымен толықты.

Алматы музейінде 2023 жылғы 22 ақпанда  белгілі қоғам қайраткері, тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлының 65 жылдығына арналған «Бай-қуатты болайық!» атты көрмелер тізбегінің ашылуы өтті.

Көрмеде Нұртілеу Иманғалиұлының жеке заттары, құжаттары, кітаптары мен марапаттары қойылған. Қойын кітапшалары, марапаттары, эфирде киген киімдері, кітаптары, жеке тұтынған заттары – барлығы 100-ден аса жәдігерді журналистің жары Қарлығаш Табылдинова музейге сыйға тартты.
Іс-шараға қатысқан Нұртілеу Иманғалиұлының әріптестері, қазақ тележурналистикасының майталмандары Қайнар Олжай, Гүлмария Барманбекова, Фатима Бегімбаева, Ботагөз Исмаил өздерінің естеліктерімен бөлісіп, кеш шырайын аша түсті.
Аталмыш іс-шара Қазақ телевизиясының 65 жылдығы аясында ұйымдастырылды.

Другие новости

2023 жылдың 12 мамырында Алматы музейінде Қазақстан мен Өзбекстан суретшілер одағы мүшесі, еркін суретші Борис Лимнің «Акварель моя босоногая» «Балғын қиял бояулары» атты жеке көрмесінің ашылуы өтті.

Көрмеде суретшінің 30-дан астам туындысы ұсынылды. Борис Лим акварельмен сурет салу техникасының көмегімен, өз жұмыстарында сұлулықты бейнелеудің жаңа формаларын іздеп зерттейді.Өнертанушы, арт-журналист Дина Дуспулованың кураторлығымен ұйымдастырылған көрмеде суретшінің соңғы жылдары

Подробнее

2023 жылдың 14 наурызында Алматы музейінде «Ана әлем шуағы! Мир начинается с мамы!» атты көрменің ашылуы өтеді.

Көрме «Tarlan school» шығармашылық мектебі және «Tarlan kids» балабақшасымен бірлесе отырып ұйымдастырылады. Көрмеде дарынды балалардың салған әр суретінен сол балалардың талпынысы, олардың алған әсерлері мен көңіл-күйлерін көруге болады. Суретші бүлдіршіндердің

Подробнее

8- наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай, Алматы музейінде «Көктем-көңіл! Мелодия Весны!» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Көрме ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының 30 жылдығы аясында, ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасы-демографиялық комиссиямен, Qazaq-Oner Ұлттық Қауымдастығымен және «Таң Шолпан» халықаралық тәуелсіз суретшілер қорының қатысуымен ұйымдастырылды. Сонымен қатар, көрме

Подробнее
Закрыть меню